Жаңалықтар

Риддердегі өрт салдарын жоюға 557,5 миллион теңге бөлінді

ашық дереккөзі

Риддердегі өрт салдарын жоюға 557,5 миллион теңге бөлінді

  Премьер-Министр Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласына барды. Үкімет басшысы биыл 10 мамырда өрт салдарынан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы жұмыстарының барысын тексерді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Риддер қаласында болған өрттен зардап шеккен барлық отбасылар жақын арада жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады», — деді А. Мамин.