Сот үкімі: Sulpak маңында заңсыз оталған ағаштар үшін 4 млн теңге айыппұл төлейді

24 сәуірде Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Sulpak дүкенінің маңында оталған ағаштарға қатысты іске үкім шығарды. Сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Алмалы аудандық соты Жанна Нұртаеваға қатысты істі ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі – «Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi бар түрлерін жою» бойынша қарады.

«Сот Жанна Нұртаеваны Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып, 1500 АЕК мөлшерінде, яғни 4 миллион 167 мың теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады. Айыппұлды төлеу мерзімі заңды күшіне енгеннен кейін екі ай деп белгіленсін», – деді судья.

Back to top button