Қытайда марафон кезінде 21 адам қайтыс болды

Қытайда марафон кезінде 21 адам қайтыс болды

Қытайда марафон кезінде 21 адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
24.kz сайтының хабарлауынша, Қытайда таулы жерлерде 100 шақырымға жүгіру кезінде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты марафон қайғылы жағдаймен аяқталды. Жолдың екінші шақырымында дауыл, жел мен жаңбыр басталып, температура нөлге дейін төмендеген. Салдарынан 21 адам қайтыс болған. Марафонға барлығы 172 адам қатысқан. Олардың 151-і эвакуацияланды. Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың Гансу провинциясында өткен ультрамарафон кезінде ауа райының қолайсыздығынан қаза тапқандар саны 20-ға жеткені хабарланған болатын. Бір адам хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Қытайдың Орталық телевизиясы мәлімдеді.