Imanbek АҚШ-та тағы бір музыкалық сыйлықтың жеңімпазы атанды

Imanbek АҚШ-та тағы бір музыкалық сыйлықтың жеңімпазы атанды

Imanbek АҚШ-та тағы бір музыкалық сыйлықтың жеңімпазы атанды
ашық дереккөзі
Отандасымыз диджей Иманбек Зейкенов әлемдік деңгейдегі музыкалық сыйлыққа ие болды. Бүгін таңертең АҚШ-та әлемдік дәрежедегі Billboard Music Awards сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Аталған музыкалық бәсекеде жерлесіміз Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) «Roses» композициясына жазған ремикс нұсқасы Top Dance/Electronic Song номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ол туралы Billboard Music Awards сыйлығының ресми сайтында жазылған. Одан бөлек, қуанышты хабармен диджей өзінің Instagram парақшасында бөлісті. «Billboard Music сыйлығын алдым, бұл дәл Грэмми сыйлығы секілді», - деп жазды ол.