24 мамыр: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

24 мамыр: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

24 мамыр: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар
ашық дереккөзі
1933 жылы 24 мамырда «Қазақтың көркем әдебиеті» баспасы құрылды. 1964 жылы атауы «Жазушы» болып өзгерді. 1994 жылы осы күні Еуропалық Одақ серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді – Қазақстан Республикасымен, ал бір аптадан кейін Қырғызстан Республикасымен парафирледі. 1995 жылы Қазақстан Респуликасының мемлекеттік шекара режимін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының шекара әскерлері бас басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекараны қорғау мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды. 2002 жылы Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ақ қыран» орденімен марапатталды. «Ақ қыран» ордені – Польшаның ең жоғары мемлекеттік сыйлығы. Оны 1705 жылғы 1 қарашада Польша королі ІІ Август бекітті. Орден монархтарға, шетелдік мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларына ерекше еңбегі үшін табыс етіледі, сондай-ақ Польша Республикасына айрықша еңбегі сіңген поляк азаматтары марапатталады. 2006 жылы Қазақстан-Қытай мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайдың алғашқы партиясы ҚХР шекара бекетіне жетті. Мұнай Шыңжаңның Душаньцзы қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жеткізілуі тиіс. Бұл қазақстан-қытай мұнай құбырының ресми пайдалануға берілуін білдіреді. Құны 700 миллион доллар, өткізу мүмкіндігі 20 миллион тонналық 962 шақырым құбырдың құрылысы 2004 жылдың қыркүйек айында басталып, 2005 жылдың желтоқсан айында аяқталған болатын. Онымен қатар, Қытай аумағында 252 шақырымдық Алашаңқай-Душаньцзы құбыры да төселіп біткен еді. 2007 жылы Градец-Кралове қаласындағы Конгресс-орталықта Қазақстан Республикасының Чехиядағы Құрметті консулдығының ашылу рәсімі өтті. Консулдық округ Чех Республикасының Краловоградецк және Пардубиц өлкелерін қамтиды. 2010 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің (ШЫҰУ) мүшесі болды. Оған Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан мен Тәжікістананның 53 жоғары оқу орны кіреді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің жұмысы ШЫҰУ-не мүше елдердің мәдениеті мен тілдерін үйренуге, сұраныстағы мамандық студенттерінің тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік береді. 2011 жылы Қазақстанда Қарағанды облысында болған жапон әскери тұтқындары туралы кітап жарық көрді. Оның сатылымынан түскен қаражаттарды авторлар түгел Жапонияда сол жылы 11 наурызда болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек қорына аударды. 2013 жылы Хорватияның Загреб қаласында Қазақстан табиғаты фотокөрмесі салтанатты түрде ашылды, оны ҚР елшілігі мен Хорват «CroАrtРhotoclub» фотоөнер қауымдастығы ұйымдастырды. 2013 жылы Алтай өлкесінің (Ресей) Славгород қаласында Павлодар мемлекеттік педагогика институтының қолдауымен Қазақ тілі мен мәдениеті орталығы ашылды. 2013 жылы Алматыда «Теңізшевройл» компаниясы мен Қазақстан-Британ техника университетінің тікелей қатысуымен Қазақстандағы тұңғыш теңіз академиясы құрылып, бірінші курсқа кадеттер қабылданды. Академияда сабақ ағылшын тілінде жүргізіледі, ал кадеттер Каспий теңізінде тәжірибеден өтеді. 2016 жылы ҚР Энергетика министрлігі Ядролық физика институтының (ЯФИ) ядролық зерттеу реакторы конверсиядан және терең жаңғыртудан кейін жоғары байытылған ядролық отыннан төмен байытылған ядролық отынға көшірілді. Жаңғыртылған реакторға арналған төмен байытылған ураны бар отын жинамалары Ядролық физика институтына «Росатом» Мемкорпорациясының «ТВЭЛ» отын компаниясы бөлімшесіне қарасты Новосибирск химконцентраттар зауытымен жеткізілетін болады. ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институтының ССР-Қ зерттеу ядролық реакторын жаңғырту үдерісінде басқару және қорғаныс, радиациялық бақылау жүйелері толығымен ауыстырылған. Сонымен қатар, суыту және үздіксіз энергиямен жабдықтаушы жүйелері жаңартылды. Осының барлығының нәтижесінде реактордың қауіпсіздігі және тиімділігі арта түсті. 2019 жылы Түркі кеңесі мемлекеттері көшбасшыларының қабылданған шешіміне сәйкес, Түркі әлемі елдерінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа өмір бойғы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің құрметті төрағасы мәртебесі берілді. 2020 жылы түркітілдес жеті елден – Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Әзербайжан, Башқұртстан (Ресей), Өзбекстан және Түркиядан келген 30-ға жуық музыкант 17 халық аспабында белгілі қазақ ақыны, жазушысы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін орындады. ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының интернационалдық онлайн-жобасына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы қатысты. Жоба режиссері – ТҮРКСОЙ режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арман Нұрмахаматұлы.