39 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі: 11 өңірде ескерту жарияланды

39 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі: 11 өңірде ескерту жарияланды

39 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі: 11 өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 24 мамыр күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз 37 градус қатты ыстық күтіледі. Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай болжанады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 23 м/с дейін артады. Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Батыс Қазақстан облысында 39 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с құрайды. Таңертең және күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 35 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде 38-42 градус қатты ыстық сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Күндіз 38 градусқа дейінгі қатты ыстық болжанады. Күндіз 24-25 мамырда Қостанай облысында 38 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады. Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. Күндіз 39 градус қатты ыстық сақталады. Күндіз 24-25 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.