«Үндемей жатқаным – қызым аяғынан тұрып өзіне келсін деп едім» – Жанар Айжанова

«Үндемей жатқаным – қызым аяғынан тұрып өзіне келсін деп едім» – Жанар Айжанова

«Үндемей жатқаным – қызым аяғынан тұрып өзіне келсін деп едім» – Жанар Айжанова
ашық дереккөзі
Әнші Жанар Айжанова әже атанды. Жақында әншінің қызы Айжұлдыз босанып, ұлды болды. «Ораза айының соңғы жұмасында таңғы тоғызда Айжұлдызым аман-есен босанып, қолыма Назарымды ұстап, бақыттан басым айнылды. Содан бері үндемей жатқаным, қызым аяғынан тұрып өзіне келсін деп едім. Мен инстаға көп шықпай қалсам, ренжімеңіздер. Немеремнің исіне басым айналып, дүниенің бәрін ұмытып жатырмын. Күнде шомылдырам. Аяқ-қолын керіп жаттығу жасаймын. Бесігіне бөлеймін. Қалай таң атып, қалай кеш батқанын да сезбей қалам. Арасында Айжұлдыздың қалжасын беріп сорпалатамын. Ұсталарға тапсырып, үйден кәрі жілікті апарып беріп, немереме шүмек жасатып алдым. Әлдиімді айтып әндетсем жылағанын қойып тыңдайды. Осы күнді қалай күттім десеңші. Осы балаға ешнәрсе болмай аман-сау туса екен деп қасынан 9 ай қалмай еріп жүрдім. Әжемнен көрген әжелердің мектебін біртіндеп есіме түсіріп жатырмын. Қазақ ертегілерін сатып алып қойдым. Кішкене қатайса оқып беремін ғой. Ал ақ жаулықты әжелер, мені де қатарларыңызға қосыңыздар. Қош келдің, ботақаным. Жүрегім, тәттім – Назар немерем», – деп жазды Жанар Айжанова әлеуметтік желідегі парақшасында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)