Вакцина алған адамға магнит тартылады немесе чиптелетініміз рас па?

Әлеуметтік желілер мен Whatsapp-та қолына магнит жабыстырып алған ер адамның видеосы тарады. Ол магниттің тек екпе жасатқан жерге ғана тартылатындығын айтады. Демек, вакцинада чип бар деген қорытындыға келеді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды stopfake.kz.

Вакцинацияланған адамдардың қолына магниттер тартылғандығы туралы бейнелер қазір желіде өте танымал. Олар алғаш рет ағылшын тілді әлеуметтік желілерде пайда болды. Көбінесе оларды вакцинацияға қарсы адамдар таратады. Олардың пікірінше, бұл ақыл-ойын бақылау үшін COVID-19-ға қарсы егу арқылы адам ағзасына микрочип енгізілетінінің дәлелі. Бірақ бұл ғылыми фактілерге қайшы келетін қастандық теориясы. Адамдарға COVID-19 вакцинасымен бірге чиптер салынады деген болжамдар негізсіз. Бұл миф бұрын бірнеше рет теріске шығарылған. қабатының астында бола тұра, ол өзіне магнит тарта алмайды. Кеңінен тараған бейнелердің бірінде автор вакцина салдырған балаға магниттің әсерін көрсетеді. Сондай-ақ видео жазбасында өзі мұның фейк екенін түсіндіреді, бұл адамдарға шынайы ақпаратты жалған ақпараттан ажыратуды үйрену үшін арнайы жасалған. Кейбір адамдар тылсым энергия күшімен металдарды өзіне тарта алады деген болжам бар. Мұндай видеоларды скептиктер бірнеше рет жоққа шығарды. Қасықтар мен заттардың теріге жабысуының құпиясы адамның белгілі бір «магнит өрісі» мен «зерттелмеген энергиясының» болуында емес, теріні жабысқақ ететін терде және дененің иілуінде жатыр, заттардың денеге «магниттелетіні де» сондықтан. Желіде паранормальды қабілеттері жоқ қарапайым адамдар осы айла-амалдарды қолдана отырып, қасықтарды өздеріне «тартатын» видеоларды көруге болады. Адамды магнитке айналдыратын вакциналардағы металл чиптердің болатыны туралы теория ғылыми фактілерге қайшы келеді және ешқандай дәлелі жоқ.

Back to top button