Алматыда жоғалып кеткен 7 жасар бала табылды

Алматыда жоғалып кеткен 7 жасар бала табылды

Алматыда жоғалып кеткен 7 жасар бала табылды
ашық дереккөзі
Алматыда жоғалып кеткен жеті жасар бала табылды. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жеті жасар бала 22 мамыр күні сағат 20.00 шамасында Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданы, Сүлейменов №1 мекенжайында өзі тұратын ауладан жоғалып кеткен. Жоғалған баланы іздеуге полиция мен волонтерлар жұмылдырылды. Бала табылды. «Баланы ювеналды полиция қызметкерлері тапты. Ойынға беріліп кеткен ол досының үйінде қонуға қалған. Бала ата-анасына аман-есен тапсырылды»,- деп хабарлады полициядан.