Испанияда жемқор шенеуніктерді оңалту курсы ашылды

Испанияда жемқор шенеуніктерді оңалту курсы ашылды

Испанияда жемқор шенеуніктерді оңалту курсы ашылды
ашық дереккөзі
Испанияда пара алып сотталған шенеуніктерді оңалту бойынша пилоттық жоба басталды. 11 ай бойы өтетін топтық терапия оларға адал адам болуға және қоғамға қайта қосылуға көмектесуі керек, - деп хабарлайды BBC. 32 сессияның бағдарламасын түрме психиатры Серхио Руис жасаған. Сарапшының айтуынша, психиатрияда қылмыскерлердің мінез-құлқының себептері кеңінен зерттелген, ал шенеуніктермен жұмыс туралы ақпарат жоқ. Руис өз зерттеулерін жүргізіп, жемқорларда эгоцентризм мен нарциссизм басым болатынын анықтаған. Бірақ олардың да өз құндылықтары бар деп есептейді психиатр.