Қарағанды тұрғыны отадан кейін ішінде дәке қалып қойғанын бір жылдан кейін білген (видео)

Қарағанды тұрғыны отадан кейін ішінде дәке қалып қойғанын бір жылдан кейін білген (видео)

Қарағанды тұрғыны отадан кейін ішінде дәке қалып қойғанын бір жылдан кейін білген (видео)
ашық дереккөзі

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының тұрғыны Талғат Елубаевтың елде есігін ашпаған ауруханасы қалмапты. Талғаттың сөзінше Жезқазғанның уролог дәрігерлері бүйрегіңде тас бар деп ота жасайды. Бірақ дәл осы операциядан кейін жағдайы қиындаған науқасқа елорданың ақ халаттылары қайта ота жасаған. Сорақысы нұр-сұлтандық дәрігерлер оның ішінен таңғыш материал тауып алыпты, деп хабарлайды  “Информбюро .  Осыдан бір жыл бұрын Талғат Елубаевқа Жезқазған ауруханасының дәрігерлері бүйрегінде тас бар деп ота жасаған. Айтуынша, сау бүйрекке ота жасағаннан кейін жағдайы ушығып кеткен. Дәрігерлер оны инфекция түскен деп тағы да операция жасапты. Алайда ауру одан сайын асқынып кетті дейді. Жаны қиналған азамат елорданың бірінші ауруханасына түседі. Оның айтуынша, кеше ота жасау кезінде дәрігерлер оның ішінен дәкені алып шыққан. «Кеше ота жасалып, ішімнен жіп пе, білмеймін, бірдеңе шықты. Сол міне ішіңде шіріп кеткен дейді дәрігерлер», – дейді науқас Талғат Елубаев. Туысы Гүлмира Елубаева ағасын ауыр хәлге түсірген Жезқазған дәрігерлерлерін жауапқа тартуды сұрайды. Айтуынша, ақ халаттылардың кесірінен Талғат Елубаевтың жағдайы қиындап кеткен.

«Біздің Жезқазғанның дәрігерлері осындай өрескелдікке екінші рет жол беріп отыр. Ота жасап, ішін ашқан соң, бүйрегі сау болып шықты. Оны қайтіп жапқан кезде инфекция түсірді. Инфекцияның аяғы осындай шаруаға барып тұр. Кеше осы Нұр-Сұлтан қалалық ауруханада ота жасалды ағама, ішінен дәке шықты жібімен. Сол іріңдеп кеткен, қанша узиға түсті, байқалмаған, енді  міне тауып отыр», – дейді науқастың туысы Гүлмира Елубаева. Телеарна тілшісі Жезқазған қалалық орталық ауруханасынан сұхбат алу мүмкін болмағанын айтады. Ал Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы жағдайға қатысты тексеру жұмыстарының басталғанын мәлім еткен.