Жаңалықтар

Абай ескерткішіне жұмыртқа лақтырған Павлодар тұрғыны халықтан кешірім сұрап, ескерткішті жуып шықты (видео)

ашық дереккөзі

Абай ескерткішіне жұмыртқа лақтырған Павлодар тұрғыны халықтан кешірім сұрап, ескерткішті жуып шықты (видео)

Павлодарда ер адам Абайдың ескерткішіне жұмыртқа лақтырып, бұл әрекеті видеоға түсірілген. Полиция ақын ескерткішін былғаған адамды ұстады. “Жас жігіт мұндай бұзақылықты сүйіктісімен ұрсысып қалғандықтан және мас күйде  жасағанын айтты. «Ұсақ бұзақылық» дерегі бойынша ер адам жауапқа тартылады» деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұзақылық жасаған адам өзінің әрекеті үшін өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұрап, ақын ескерткішін тазалап, жуып шықты. Айта кетерлігі, 21 жастағы павлодарлық жігіт бұған дейін де бірнеше рет бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған екен.