Оралда көлік апатынан екі адам жарақат алды

Оралда көлік апатынан екі адам жарақат алды

Оралда көлік апатынан екі адам жарақат алды
ашық дереккөзі
Оралда екі автокөлік соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 21 мамыр күні түнде Ю.Гагарин мен Ш.Айталиев көшелерінің қиылысында болды. «Лада Гранта» автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылар кезде «Тойота Камриге» жол бермей, соқтығысқан. Соның салдарынан «Лада Гранта» автокөлігінде отырған екі жолаушы жарақат алды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 22.11-де шақырылып, бригада бес минуттан кейін жетті. Алдын ала мәліметке қарағанда, 1997 жылғы қыз жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оған қоса самай тұсы көгерген. 1962 жылғы әйелдің белі көгерген. Екеуі де облыстық көпбейінді аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.