Жаңалықтар

Жырақтан жеткен жетістік...

ашық дереккөзі

Жырақтан жеткен жетістік...

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады!

Абай Құнанбайұлы

Алматы облысы Алакөл ауданы аумағында орналасқан Жалаңашкөл маңайынан дәрілік өсімдіктерді зерттеу жұмыстары 2018 жылғы мамыр айында жүргізілген болатын. Сол зерттеудің нәтижесінде алғаш рет 10-нан аса өсімдіктер зерттелді. Атап айтсақ, Tamarix ramosissima L–қызыл жыңғыл, Haloxylon Bunge – сексеуіл, Cistanche Hoffmgg.Et Link - сортаң сұңғыла, Hulthemia Dumort L–итмұрын, Artemisia vulgaris - жусан,  Mentha spicata L-жалбыз, Peganum harmala L-адраспан, Urtica dioica L – қалақай, Plantago major L–жолжелкен, Glycyrrhіza glabra – қызыл мия өсімдіктеріне ботаникалық сипаттама жасалған еді. Халықтық және ғылыми медицинада қолданылатын өсімдіктерді зерттеуге шолу жасалды. Соның негізінде қазіргі таңда медицина таптырмайтын құнды өсімдіктер түрі анықталды. Оны тиімді пайдалану, жинау жөніндегі қажетті кеңестерде қарастырылып, нәтижесінде сауалнама құрастыру арқылы мектеп оқушылары бұл өсімдіктер жайында көпшіліктің көп біле бермейтіндіктерін анықтады. 2021 жылғы 8 мамыр - "Жылдың зияткерлік нәтижесі" Кезекті VII Халықаралық "Жас Ғалым" ғылыми конкурсын қашықтықтан өткізіліп, ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылып  Асетқызы Ділназ 3-ші орын иеленіп, WOOSONG Университетінің кез-келген мамандығына 50 % грантты ұтып алды. Бұл байқаудың ұйымдастырушылары: WOOSONG Университеті және WOOSONG білім беру қоры, SolBridge Халықаралық бизнес мектебі (Оңтүстік Корея, Теджон қ.), "QazaqGeography" республикалық географиялық қоғамы және "Global Сапа" орталығы - ҚР-дағы университет өкілі. "Жас ғалым " Халықаралық ғылыми байқауы 2011 жылдан бастап, 2015 жылдан бастап ҚР БҒМ бұйрығында өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде оған 500-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Жыл сайын осындай үлкен, ауқымды ғылыми жобалар өз жалғасын табатынына сеніміміз мол.

М.Ермозанова,

Биология ғылымының магистрі,

Алматы облысы Алакөл ауданы,

Достық ауылы Достық орта мектебі