Ауыл әкімдерін тікелей сайлау мәселелері талқыланды
Ауыл әкімдерін тікелей сайлау мәселелері талқыланды
«Nur Otan» партиясы жанындағы Азаматтық қоғамды дамыту және мемлекеттік басқару жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу, сондай-ақ ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу мәселелері талқыланды.
Оған саяси партиялардың, ірі ҮЕҰ өкілдері, саясаттанушылар, сарапшылар қатысты.
Кеңес азаматтық қоғам мен мемлекеттік басқаруды дамытудың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленетін бірегей алаң болып табылады. Оның міндеттері партияның сайлауалды бағдарламасының іске асырылуына, Жол картасы индикаторларының орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау, сондай-ақ саяси диалог мәдениетін дамытуға және азаматтық бастамаларды ілгерілетуге жәрдемдесу.
Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу қажеттілігін Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өзінің 2020 жылғы Жолдауында, ал аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлауды өткізу бастамасын Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 2012 жылғы Жолдауында алғаш рет ұсынды.
Кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарымның айтуынша, бүгінгі таңда ауылда халықтың 41%-ы тұрады, бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 4%-ын ғана қамтамасыз етеді.