Бір кітаптың сыры

Лев Гумилевтің музей-кабинетінде ғалымның еңбектерінен өзге бірнеше сирек кітаптар бар. Соның бірі – Құран. Әсілінде, музейдегі жәдігерлерден өзге заттар да музейдің құрылымдық мазмұнына сәйкес белгілі бір ақпаратты толықтырушы рөл атқарады. Сондықтан музейде кездейсоқ ештеңе де сақталмайды. Музейлердің бір-бірін қайталамайтын ерекшелігі бар екені белгілі.

Бірде, музейдегі кітап сөресінде тұрған адамзатқа түскен қасиетті кітап Құранға көзі түскен студенттің «Лев Гумилев мұсылман дінін қабылдаған ба?» деп, кенеттен сұрақ қойғаны бар…

Азияның көшпенді халықтарын ерекше жақсы көріп, ғұмырын арнаған Лев Гумилев әрбір этностың табиғи болмысымен жақсы таныс болған һәм ғұрыптық ерекшеліктері мен діни ұстанымдарына құрметпен қараған.

1 1
Құран Кәрім. Мәскеу-Санкт-Петербор «Диля» баспасынан 2008 жылы жарыққа шыққан, 575 беттен тұратын толық нұсқа. Авторы – Теодор Шумовский.

Музейдегі  Құран  бұл ерекше кітап. Тарихына жүгінсек, бұл қасиетті кітап Құранның арабша түпнұсқасынан орыс тіліне поэзия тілімен аударылып, Мәскеу-Санкт-Петербор «Диля» баспасынан 2008 жылы  жарыққа шыққан, 575 беттен тұратын толық нұсқа. Авторы – Теодор   Шумовский.

2 1
Теодор Шумовский (1913-2012)

Теодор Шумовский  (1913-2012) атақты исламтанушы ғалым, ортағасырлық араб тарихы мен араб әдебиетін зерттеуші, ақындық таланты зор бола тұра ол өзінің саналы ғұмырын ғылымған арнаған.

«Ког­да при­дёт по­ка­ять­ся в гре­хах,
Ска­жу, что не од­ну, как по­велел Ал­лах,
Три жиз­ни про­жил я:
Од­ну – в спа­сенье те­ла,
Дру­гую – для люб­ви,
А третью жизнь – в сти­хах
», – деп жазған Т.Шу­мов­скийді бір мақалаға сыйдыра алмаймыз. Десек те, музейдегі таныстырылым бағытына сәйкес және қасиетті Рамазан айының құрметі үшін, дінді ғылыми деңгейде зерттеген ғұлама туралы  ой бөліспекпіз.

Теодор Шумовский Лев Гумилевпен бірге студент кезінде тергеуге алынып, абақтыға бірге жабылған үш студенттің бірі. Үшіншісі  – египтолог Николай Ерехович. Н.Ерехович – студент күнінен  «ерекше дарынды» болып танылған, тегі дворяндық. 1945 жылы Колымада ауырып қайтыс болған. Бұл үш студент те 1938 жылы 11 ақпанға қараған түні жалған айыптар тағылып қамауға алынған.  Сот отырысында тергеушінің таңған айғақтарынан бас тартқанымен, оларды 10 жылға соттады.  Бірі түрколог, бірі египтолог, бірі исламтану ғылымына қадам басқан өрімдей жас жігіттердің тағдыры ең бір қилы заманға тап келді. Алайда, тағдыр тәлкегі олардың рухын сындыра алмады…

«Небесый свет нисходит в сердце,

От коранических стихов,

Живую душу очищая

От человеческих грехов», – деп Құранға ерекше ықыласын берген Теодор Шумовскийдің еңбегіне  баспа тарапынан: «Эта Книга – итог долгого жизненного труда, в ней воплотилось то понимание истин Корана, глубин которого автр достиг, благодаря непестанному изучению Священного Писания мусульман и мудрости, приходящей годами. Представленный поэтический перевод ставит своей задачей сделать эту книгу достоянием внутреннего мира каждого человека, независимо от его взглядов и убеждений», -деген сипаттама берілген-ді.

Теодор Адамұлы  Шумовский 1913 жылдың 2 ақпанында Украинаның Житомир қаласында дүниеге келген. Әкесі –  Адам Викентьевич Шумовский (1873—1928) қазыналық қаржы саласында қызмет еткен, тегі поляк.  Анасы – Амалия Фоминична Каминская (1884—1933) музыкант, пианио үйретуден дәріс берген. Бұл отбасында төрт ұл бала болған: Станислав, Иосиф, Теодор және Казимир.  Т.Шумовский өзінің «Свет с Востотка» деген естелік кітабында балалық шағына көз жібере отырып, әкесі мен анасы, өгей шешесі, ағалары мен інісі туралы тоқталып өткен.

Сол кездегі дүрбелең кезеңнің салдарын сезген әкесі 1915 жылы отбасымен Кавказға көшеді.  1922 жылы Азербайжандағы |Шемаха қаласына қоныс аударады. А.С.Пушкиннің әйгілі «Шамахан патшайымының»  қаласы. Міне, осы Шемахада балалық және бозбала шағы өткен. Шемаха қаласындағы өмірі мұсылмандар арасында өткенмен, Кеңес өкіметі тыйым салған «Құран -Кәрімді» ол ешкімнің қолынан көрмеді. Алайда, Шемахадағы мешіттер мен мұсылман бейіттеріндегі араб жазулары болашақ ғалымға ерекше әсер еткендігін: «Мои путешествия сперва открыли мне географическую природу Шемахи…В стороне от садов – мусульманские кладбище. Вертикально стоящие и наклонные плиты густо покрыто надписями. Что в этих надписях? Я не знал ни одной арабской буквы. Как эти буквы вьются, сплетаются, образуя художественное кружево!… Однако мысль важнее красоты. Она творит красоту, а красота лишь отображает мысль…», – деп сипаттайды.  Ол құпиясы мол әлемге тап болғанын сезінді. |Сол құпияның сырын ашуға біржола бекінді. Бейіттердегі арабша жазулар «..Люди умерли, они молчат. Буквы бессмертны, поэтому они говорили, говорят и будут говорить людям о людях», – деген ойлар   «бұл әріптердің құпиясын ашу менің қолымнан келер ме екен?» -деген сауалдарға  жетеледі.

1932 жылы Ленинградтағы тарих-лингвистика институтына  оқуға түсіп, қазан айында «Араб елдерінің жаңаша тарихын» оқытатын мамандыққа жазылды. Қарашаның 11 күні араб тілінен алғашқы дәрісті КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, семитолог – лингвисттердің ішіндегі бірден-бір білгірі Николай Юшмановтан (1896-1946) алған.

3 1
Николай Юшмановтан (1896-1946)

Шәкіртінің қабілетін таныған Н.Юшманов семит-хамит тілдері мен әдебиеті кафедрасының «араб жүйесіне» өтуіне кеңес береді. Бұл жүйе бойынша араб тілі мен әдебиеті, классикалық араб тілі, жаңа заманға араб тілі, халифат тарихы, мұсылман өнері және ең бастысы «Құран» үйрену және әдебиеттану пәндері оқытылған. 1935 жылды  Шумовский «С этой поры в моей арабистической жизни эпоха Юшманова начинает сменяться эпохой Крачковского», деп естелігінде атап өткен.

4 1
Игнатий Крачковский (1883-1951)

Ресейдегі арабистиканың негізін қалаған, КСРО Ғылым академиясының академигі, филолог И.Ю Крачковский көзі тірі кезінен бері әрбір арабтанушы үшін идеал, ерекше құрметке ие болған ғалым.

Т.Шумовский ұстазы жайлы былай дейді: «Крачковский учил меня видеть за рукописью ми породивших ее страстей… Коран, сборники стихотворений крупнейших поэтов первых столетий ислама, сочинения по всемирной географии, математические трактаты – сколько произведений арабской мысли прошло передо мною в разноликих рукописных томах, которые приносил на занятия мой учитель!»

Сонымен, Бұл мақалада Теодор Шумовскийдің өмірінің әр кезеңіне тоқталмай, музейге келген студенттің бір сауалына қатысты жауап ретінде музейдегі бір кітаптың жазылу тарихына тоқталып өтсек:

1992 жылдың қаңтар айында әдеттегідей серуенге шыққан Т.Шумовский асфальттағы мұзға тайып жығылып, орнынан тұра алмай қалған. Осының салдарынан ұзақ мерзімді ауруханада жатты, ғалымға бес рет ота жасалды. Ауруханада жатып бүкіл өмірін көз алдынан тізбектеп өткізген 80 жастағы қарияның  санасынан қазан төңкерісіне дейінгі Кавказ, әлемге танымал тіл маманы Николай Маррдың хаты, Юшманов пен Крачковскийдің мектебі, алғашқы махаббаты, жазықсыз тұтқындалуы, түрме университеті, ормандағы ағаш кесу, Ленинградқа оралу араб қолжазбалары, диссертацияларды қорғау сәттері бәрі-бәрі бейне бір кино таспадай  тізіле берген…  Өмірдің не бір ащы дәмін татқан сәттерде де болмаған осындай дәрменсіздік хәлін бір кезде ерекше тұшымды да жарқын ой алмастырған. Ол – қасиетті Құранды аудару. Дәл осы кез, өзінің бұл кезеңде Құран-Кәрімді орыс тілінде сөйлетуге толысып тұрғанын мойындатты. Теодор Шумовский бұл сәттердегі сезімін мынадай жолдарға түсірген: «Коран является одной из вечных книг человечества, высшим произведением на арабском языке. Со студенческих лет я был поглащен многообразием и богатством его мира, но только сейчас, проработав пол века в арабистике и достигнув определенной жизненной зрелости, я почувствовал себя возможным – и неоодимым – приступать к этой работе.

Я чревычайно благодарен моей семье, врачам, всем людьям, которые помогли мне пройти через это последнее испытание. Я также чрезвычайно благодарен и Корану, который помог мне выстоять, наполнил мою жизнь новым смыслом.

Среди стихий земного океана

Не мудрецам, а Времени на суд

Представляю перевод Корана.

Нелегкий труд.

Упорный труд.

Счастливый труд.

Ничьих я вер Кораном не нарушу,

Нет мысли тайной в помыслах моих.

Но пусть нисходит в идущую душу

Сияньем неба мусульманский стих.

 Тогда прильнет живое сердце к сердцу,

Сомкнется тесно человеческий круг

И тот, кто верит, скажет иноверцу:

«Желанный друг!

   Надежный друг!

               Навеки друг!». 

Бұл шумақтар «Құран» кітаптың аудармасындағы автордың әлқиссасы. Адамзаттың наным-сеніміне қорған болатын пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа с.ғ.с. уахимен келген «Құран-Кәрімнің»  орыс тіліндегі Т.Шумовский аудармасындағы ғылыми – философиялық лепесінен бірнеше қысқа сүрелерді ұсынамыз:

Сура 1. Открывающая Книгу (Фатиха сүресі)

 Во имя Милсердного Милостивого Бога!

Во имя Господа, Чье сердце милосердно,

Чьей милости хотим, о ней прося усердно!

 

Хвала Ему, Властителю миров,

Над бытием простершему покров,

 Тому, Чье к тварям сердце милосердно,

Чьей милости хотим, о ней прося усердно!

 Владыке Дня Последнего Суда

Хвала вовек и преданность всегда!

 Служа к тебе, к тебе взывая в страхе:

«Нам помоги!» – простерты мы во прахе.

 Веди нас, Боже, праведным путем,

Дорогой тех, кто одарен тобою,

 Не тех, Твой гнев чьею всал судьбою,

Не тех, кто бродит в сумраке густом.

 Сура 112. Очищение (Ыхлас сүресі)

 Во имя Милсердного Милостивого Бога!

«Единственный -скажи о Боге – Он!

Прибежище нам – только Божий трон.

И не рождает Бог, и не рожден.

Нет равных Богу, всех превыше  Он».

Сура 113. Рассвет (Фалақ сүресі)

Во имя Милсердного Милостивого Бога!

Скажи: «Прибегаю к Богу

От скверны, раскрытой светом,

От скверны, сокрытой мраком,

От скверны таящих зависть,

От черного колдовства!».

Сура 114. Люди (Нәс сүресі)

Во имя Милсердного Милостивого Бога!

Скажи|: «Ищу убежища у Бога,

Царя людей и Господа людей.

Уйдите прочь от моего порога

Вы -соблазнитель, демон и злодей!».

Университетіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында «музей тынысының  бір парағы қасиетті Рамазан айының құрметі үшін» – жазылды. Ғалым ғылым жолындағы еңбегін түрлі діндерді ұстанатын халықтарды біріктіруге, әлемдегі ынтымақты сақтауға арнады. Т.Шумовскийге Құдай рахмет айласын.

Сымбат АХМЕТОВА, 

«Білім тарихы» музейінің меңгерушісі,  гумилевтанушы, этногрф ғалым

 

Back to top button