ШҚО-да 380 келіден астам есірткі тәркіленді

ШҚО-да 380 келіден астам есірткі тәркіленді

ШҚО-да 380 келіден астам есірткі тәркіленді
ашық дереккөзі
ШҚО-дағы арнайы операция кезінде есірткі саудасымен айналысқандар ұсталып, 380 келіден артық марихуана және гашиш тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сәуір айының соңында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотты болған Жамбыл облысы тұрғынының жекелеген адамдармен тұрақты есірткі арналарының жұмысын ұйымдастырып отырғаны туралы ақпарат алған. Ол марихуана мен гашиш есірткі заттарын жүк көлігіндегі жасырын орынға салып, Өскемен қаласына өткізу үшін жеткізіп отырғаны анықталды. Осы схеманың барлық қатысушылары, оның ішінде есірткіні қала тұрғындарына өткізуді тікелей жүзеге асырған адамдардың жеке басы анықталғаннан кейін, құқық қорғаушылар оларды ұстауға кірісті. Бастапқыда осы өңірдегі есірткі өткізуші 43 жастағы қала тұрғыны ұсталды, одан 1,5 келі марихуана тәркіленіп алынды. Содан кейін гараж кооперативтерінің бірінен есірткі қоймасы табылған, онда “қоймашы” деп аталатын 40 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны қалаға әкелінген есірткіні сақтаған. Ол жерден 74 келіден астам марихуана және 1,7 келі гашиш алынған. Арнайы операцияның соңғы кезеңінде ағымдағы жылдың 17 мамырында облыс орталығына аса ірі көлемдегі есірткіні тағы да әкелу кезінде “жеткізушінің” өзі, яғни 50 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Оның басқаруындағы жүк көлігі шанағының алдыңғы бөлігіндегі арнайы жабдықталған жасырын орыннан 300 келіден астам марихуана және сегіз келіге жуық гашиш табылған.
– Осы есірткі арнасын жою барысында 380 келіден астам өсімдік тектес әртүрлі есірткі заттары алынды. Қазіргі уақытта күдіктілер ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуда, аталған қылмыс үшін 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.​Алдын ала деректер бойынша тәркіленіп алынған есірткі заттарының “қара базардағы” құны 320 миллион теңгеден асады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.