Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Гвардейский кентінде мерзімді қызметтегі сарбазы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, – деп жазды Tengrinews.kz.
"82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы казарма ғимаратының 4 қабатындағы терезесінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, 2021 жылғы 20 мамырда әскери қызметкер қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деді ведомство өкілі.
Қорғаныс министрлігі мәліметі бойынша, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр, тергеу мүддесі үшін және туыстарының тілегі бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.