Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Жамбыл облысы Гвардейский кентінде мерзімді қызметтегі сарбазы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, – деп жазды Tengrinews.kz.

«82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы казарма ғимаратының 4 қабатындағы терезесінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, 2021 жылғы 20 мамырда әскери қызметкер қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – деді ведомство өкілі.

Қорғаныс министрлігі мәліметі бойынша, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр, тергеу мүддесі үшін және туыстарының тілегі бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.

Back to top button