Құтқарушылар зейнетке ерте шығуы мүмкін

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің зейнетке шығу жасы «азаматтық қызметшілер» санаты бойынша қысқартылатынын айтты.

«Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту үшін тұрғын үй төлемдері мәселесі пысықталып жатыр. Сондай-ақ құтқарушылардың зейнеткерлік жасын «азаматтық қызметшілер» санаты бойынша қысқарту көзделген. Қазір бізде құтқарушылар зейнетке 63 жасында шығады. Сала мамандарының қызмет барысында ауыр физикалық және психологиялық жүктемемен жұмыс істейтінін білесіздер», – деді министр.

Back to top button