Жаңалықтар

Оқулық қандай, оқушы сондай

ашық дереккөзі

Оқулық қандай, оқушы сондай

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қо­ғам­дық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім беру саласындағы реформаларға тоқталып, оқулық сапасының на­шарлығын айтып мәселе көтерген болатын. «Біздегі оқу­лық­тардың деңгейі төмен. Кітапты әзір­ле­ген азаматтардың жауап­кершілігін заңнамалық тұрғыдан реттеу ке­рек. Сапасыз оқулық дайындағаны үшін жауапқа тартылсын. Басқаша бол­майды», – деді Президент. Тәуелсіздік алғалы бергі 30 жылда мек­теп оқулықтары бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Соңғы жылдары мектеп бағ­дарламасында сапасы төмен оқулықтар бар екені айтылып жүр. Осы орайда Túrkistan халықаралық газеті мамандарға мек­теп оқулықтарының сапасына байла­нысты сауал қойған болатын. Айман АҚТАНОВА, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің қауым­дастырылған профессоры міндетін ат­қарушы, 5-11-сыныпқа арналған «Қазақ әде­биеті» оқулықтарының авторы, фи­лология ғылымдарының кандидаты: Бүгінгі оқушыға тақырыпты меңгеру қиын емес – Мектептегі қазақ әдебиеті оқулық­тарын­да Алаш қайраткерлері туралы жа­зыл­маған дегенге толық келісе алмаймын. Себебі Алаш қайраткерлерінің еңбектері 5-сыныптан бастап мектеп бағдарла­ма­сы­на енгізілген. Олар «Алаш әдебиеті» немесе «Алаш қайраткерлері» деп жеке тарау ре­тін­де қойылмаған. Осыған ғана сүйеніп алаш­тықтар мектеп бағдарламасына енбе­ді деп айтуға болмайды. Өйткені Алаш қайраткерлері туралы әр сыныптың бағ­дарламасында бар. Мүмкін болашақта бағ­дарламаға түзету енгізіп, жеке Алаш әде­биетіне тарау арнау керек шығар. Бұл жер­де оқулық авторлары оқулықты ар­найы бекітілген бағдарлама бойынша жаза­тынын ескеру керек. Авторлар оқулықты 2-3 айда жазады де­ген пікірмен келіспеймін. Оқулық ең аз дегенде 1 жыл дайындалады. Бұрын­нан келе жатқан авторлар оқулықты же­тіл­діру туралы үнемі айналысады деуге болады. Қазір оқулық авторларын оқыта­тын курстар да бар. Онда авторларға тап­сыр­малар жүйесін реттеуді үйретеді және ғы­лыми-әдістемелік жаңалықтармен та­ныстырады. Былтыр сондай курсты «Оқу­лық орталығы» ұйымдастырды. Сосын оқу­лықты сараптайтын бірнеше комиссия бар. Оқулықты мектеп ұстаздары мен әдіс­кер ғалымдар әдістемелік жағынан сара­ласа, журналистер әлеуметтік сараптама жасайды. Ал ғалымдар ғылыми негіздеме­лерін қарайды. Ең соңында Тіл білімі инс­титуының ғалымдары тілдік, сөздік қол­даныс жағынан қателерін тексереді. Кейбір оқулықтарда дыбыстық, тех­никалық жағынан бірен-саран қате кетуі мүмкін. Ол дұрыс емес, ондай қатені жі­бер­меуге тырысу керек. Бір оқулықтың ар­тында қаншама адамның кәсіби еңбегі мен маңдай тері тұр. Оқулықты сынау дайын асты сынау секілді оңай. Жалпы кез келген жаңалық бірден қабылданбайды, оған үйренуге уақыт керек. Жаңартылған білім мазмұны бүкіл қоғамға келген жаңалық болды. Сондықтан оны қоғам болып талқыладық. Әлі де жаңаша қарап өңдеуді қажет етеді. Себебі әр заманның баласы алдымен өз замандастары туралы оқуы керек. Бағдарламаға кейінгі әде­биеттің озық үлгілерін кіргізу керек деп са­наймын. Қазіргі балалар әдебиетінде та­ма­ша туындылар жасап жүрген заман­дастарымыз да бар. Жалпы оқулық арнайы оқу мақсат­тарына сай жазылады. Тапсырмалардың барлығы сол оқу мақсаты бойынша жүйе­леніп құрылады. Ол Блум таксономиясына сай білу, түсіну, қолдану құзыреттіліктері­мен байланысты. Тақырыпты меңгеру оңай тапсырмалардан басталады. Мысалы, нені білу керек деген мәселе сұрақ-жауап тү­рінде жүргізіледі. Екінші, оқушының нені түсінгеніне байланысты тапсырмалар жа­салынады. Бұл бөлікте көбінесе жазба жұмыстары беріледі. Түсінгеніңе байла­нысты ойыңды білдір, сын-пікір білдір деген сияқты тапсырма болуы мүмкін. Одан кейін алған білімді қолдану бөлі­мін­де ауызша және жазбаша тапсырмалар беріледі. Бұл жүйе оқу мақсатына сай оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға негізделген. Қолдану бөлігінде негізінен бағалау және салыстыру бойынша тапсырмалар болады. Оқушы ай­тылған, өзі түсінген, білген нәрселерге баға береді, сын жазады. Бұрын біз оқыған кезде мұндай нәрсе­лер болған жоқ, сын жасаған жоқпыз, баға берген жоқпыз. Тек алдымызға бергеннен түсінгенімізді айтып, мазмұндап берумен шектелдік. Бұрын шығарма жаздық. Шы­ғарманы қазір де гуманитарлық бағытта оқитын оқушыларға жазғызуға болады. Қазір көбіне шығарманың орнына әлемдік білім стандартына сай эссе жазады. Эссе­нің де әр сыныпқа және жас ерекшелі­гіне байланысты әр түрі қолданылады. Бұл бү­гінгі оқушының функционалдық сауат­тылығын қалыптастыру үшін арнайы мақ­саттармен құрылады. Тапсырмалар да сол мақсатқа негізделген. Осы жаңашыл­дықты кейбір ұстаздардың өздері дұрыс қабылдай алмай жатады. Мұғалімдер бе­ріл­ген тақырыпты игеру оқушыларға қиын деп айтады. Менің ойымша, бүгінгі оқу­шыға тақырыпты меңгеру қиын емес, тек бұған ұстаздарымыздың аса дайын еместігі байқалады. Адамның ойлау қабілетін тез өзгерту мүмкін емес. Мысалы, ұстаздар жаңартылған оқу бағдарламасындағы білімді қабылдады, курстан өтті. Бірақ оны ішкі рухани, саналық тұрғыдан қорытып, өзіне қабылдап үлгермегендіктен де оқу­шыға үйрету қиынға соғып отыр деп ой­лаймын. Бұған ұстаздарды кінәлаудың да қажеті жоқ. Себебі бұл – уақытша процесс. Бүгінде ЖОО бітіріп, мектепке мұғалім болып орналасып жатқан жастар жаңар­тылған білім мазмұнын енді біраз уақыт­тан кейін оп-оңай қабылдап, игеріп кетеді деп санаймын. Сол кезде оқушыларға да тақырыпты түсіндіру қиын болмайды. Тағы бір ескеретін мәселе – біз барлық пән­­дер бойынша материалдық білім беру­мен шектелмей, рухани білім беруге ұмтылуымыз керек. Материалдық білім деген пән бойынша оқып, жаттап, мазмұн­даумен шектеледі. Яғни, бұл жерде оқушы баға үшін оқиды. Рухани білім оқыған дүниені санасына сіңіріп, өмірде қолдана білуі. Әдебиет алдымен оқушының рухани санасын қалыптастырып, болашақта қоғамға пайдалы, рухы таза адамдар тәр­бие­леуді мақсат етеді. Абай айтқан «толық адам» да, Шәкәрім айтқан «таза адам» со­дан пайда болады.