Air Astana-ға – 19 жыл

Air Astana-ға – 19 жыл

Air Astana-ға – 19 жыл
ашық дереккөзі
Air Astana-ның алғашқы коммерциялық рейс орындағанына 19 жыл толып отыр. Алғашқы ұшақ 2002 жылы мамырда Алматыдан Астанаға (Нұр-Сұлтан) аттанған еді. Air Astana 19 жылдағы өзгерістер мен тосын жағдайларға қарамастан жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуде, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, экологиялық тұрақтылықты сақтауда жоғары стандарттарға қол жеткізе алды. Әуекомпания тасымалдаған жолаушылар саны 2002 жылғы 160 мың көрсеткішінен 2020 жылы жаһандық пандемия алдында 5 млн-ға дейін өсті. Қатынайтын бағыт ішкі жә­не сыртқы 60 бағытқа дейін жетті. Ал әуеф­лоты пайдалану ұзақтығы 3,5 жыл бола­тын Airbus, Boeing пен Embraer сынды 34 зама­науи ұшаққа ие. Air Astana-ның тиімді дамуы SkyTrax, APEX пен Trip Advisor сияқты салалық марапаттармен бірнеше рет дәлел­денді. Air Astana-ның 2019 жылы мамырда FlyArystan деп аталатын Орталық Азиядағы ал­ғашқы лоукостерді іске қосуы стратегиялық маңыз­ды шешім болды. FlyArystan мар­шрут­тық желісін Қазақстан ішінде және жақын шетел­дерге қатынайтын халықаралық бағыт­тарға дейін дамытуда. 2 жыл ішінде компания 3 млн жолаушы тасымалдап үлгерді. Пан­де­мияға қарамастан орташа жүктеме 87 пайыз, ал рейстердің уақытылы орындалуы 89 пайыз болды. Air Astana-ның басқару тиімділігі дәстүрлі ха­лықаралық рейстер айтарлықтай қысқарып немесе мүлде тоқтатылған пандемия кезінде де уақыт сынына төтеп берді. Әуекомпания на­рықтың басқа да салаларында жаңа мүм­кіндіктер қарастырып, уақыт талабына сай жұ­мыс істей білді. Осылайша, әуекомпания Мал­див аралдары, Мысыр сынды курорттық ба­ғыттар мен Грузияның Батуми және Кутаи­си қалаларына тұрақты рейстерін ашты. Соны­мен қатар маусым айында Черногория аста­насы Подгорицаға қатынайтын тұрақты рейс ашуды жоспарлап отыр. – «Еуразияның дәл жүрегінен» және «Еу­ра­зияның бюджеттік әуекомпаниясы» деген жар­намалық ұрандар компаниямыздың негі­зін қалаушы Тұңғыш Президент Н.Назарбаев­тың мақсатын тамаша жеткізеді. Ол 2001 жыл­ғы қыркүйекте BAE Systems-тің өкілі сэр Ричард Эванспен бірге Air Astana-ны, ал 2018 жыл­ғы қарашада FlyArystan компаниясын құру туралы шешім қабылдады, – деп атап өтті Air Astana президенті Питер Фостер. – Ба­ғы­тымыздың дұрыс екеніне нық се­німдімін жә­не мақсатымызды компа­ния­лар­дың қауіп­сіз, сервисі бағдарланған, тиімді, тұрақты жә­не моральдық-этикалық тобымен іске асы­ра­мыз. Бізді таңдаған клиенттерге жә­не әрқа­шан алға ұмтылатын әріптестеріме ал­ғыс айтамын. Air Astana негізі қаланған алғашқы күннен Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып ке­леді. 19 жыл ішінде жалпы салық көлемі 103 млрд теңгеден асты. Авиация үшін қиын са­нал­ған жаһандық пандемия кезінде де әуе­компаниясы мемлекеттік субсидияларға өті­ніш білдірмеді. Air Astana бұрыннан келе жат­қан ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік бағ­дарламалары аясында жергілікті топтарға тұрақты түрде көмектесіп келе жатқан қоғам­ның лайық субъекті саналады. Бүгін Air Astana туған күніне орай бірнеше ха­­лықаралық бағытқа билеттер сатылымы бас­талды. Толығырақ ақпарат әуекомпа­ния­ның ресми сайтында жазылған. Серік ӘЛІМЖАНОВ