Алматы қауіпсіз қалаға айналмақ

Алматы қауіпсіз қалаға айналмақ

Алматы қауіпсіз қалаға айналмақ
ашық дереккөзі
Алматы – еліміздегі ең ірі мегаполистердің бірі. Мә­де­ниет, тарих, экономика, қаржы, банк, ғылым және бі­лім беру салалары бойынша елдің индустриялық ор­талығына айналған алып шаһарда өмір сүрудің қауіп­сіздік деңгейі жыл сайын артып келеді. Қаланың ал­да­ғы 30 жылға арналған «Алматы – 2050» стратегиясында көр­сетілген ба­сым бағыттар бойынша атқарылып жат­қан жұмыс нә­ти­желері туралы қала әкімі Б.Сағынтаев есеп берді. Мемлекеттік құрылымдар, тұр­ғындар және ма­ман­дар бел­сен­ді атсалысқан алып шаһар­ды да­мытудың «Алматы – 2050» стра­­тегиясында белгіленген же­ті ст­ратегиялық бағыттың бірі – қауіп­­сіздік. Онда жол апатынан қаза табатындардың санын нөлге тү­сіру, қылмыс санын 100 адамға шақ­қанда беске дейін төмендету, со­нымен қатар қаланы бейне­ба­қылау мен адамды тани алатын ин­теллектуалды жүйелер орна­тыл­­ған, ақылды, қауіпсіз, эко­ло­гиясы таза, мәдени және креа­тив­ті мега­по­лиске айналдыру көз­дел­ген. Қазір Алматы халқының са­н­ы – 3 миллион. Сарап­шы­лардың бол­жауынша, 2030 жылға қарай қала халқы 5 миллионға же­теді. Тұр­ғындар саны күн санап кө­бейіп келе жатқан шаһардағы бас­­ты міндет – қала тұрғындары мен туристердің барлық уақытта өзін қауіпсіз сезінуін қамтамасыз ету. Ол үшін мегаполистегі қыл­мыс дең­гейі мен төтенше жағдай­лар қау­пін төмендету маңызды. «Қауіпсіз қала – бұл тұр­ғын­дар үшін жайлы қала. Қауіпсіз қа­ла – бұл инвесторлар мен ту­рис­тер көп ке­летін қала. Қауіпсіз қа­ла – бұл биз­нестің дамуы. Осы­ның бәрі бол­са, онда қаламыз әл-ауқатты, жа­сыл желекке бө­лен­ген, жұмыс ор­ны көптеп ашыл­ған, халықтың жүзі жарқын бо­лады. Ол үшін қа­ладағы қоғам­дық орындарда қауіп­сіздікті кү­шейтіп, қылмысты азай­ту жұ­мы­сы жүргізіліп жатыр», – де­ді қала әкі­мі Б.Сағынтаев. Оның айтуынша, қаладағы қауіп­сіздік деңгейі жыл сайын ар­тып келе жатыр. Тұрғын­дар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыс санын азайту мақ­сатында қала әкімінің тап­сыр­ма­сы бойынша 2019 жылдан бас­тап криминогенді жерлерде по­ли­цияның 37 жаңа модульді ста­ционарлық посты ұйым­дас­ты­рыл­­ды. Биыл тағы осындай 7 пост ашыл­мақ. Патрульдеуді кү­шейту жә­не жылжымалы поли­ция пункт­терін құру жағдайды едәуір жақ­сартқан. Мысалы, өткен жылдың қорытындысы бойын­ша қылмыс 2 есеге (47,8 пайыз­ға) азайған. Қо­ғам­дық орындарда тіркелген құ­қық бұзу­шылық саны 3,4 есеге тө­мендеп, кө­ше қылмыстары 4,2 есе­ге қыс­қарған. Сондай-ақ, қыл­мыс­тың ізін суытпай ашу 12,3 пайыз­ға жақ­сарған. Биылғы қаң­тар-сәуір айы­ның қорытындысы бойынша барлық бағыт бойынша қылмыс 21,3 пайызға төмендеген. Қазіргі заманда заманауи тех­ни­калық жетістіктерді қолданбай қыл­мыспен күресу мүм­кін емес. Осы ретте қылмыстың тез ашы­луы­на полицияның тех­ни­калық жаб­дықталуы мен бейне­ба­қылау же­лісінің кеңеюі оң әсер ете­тінін уа­қыттың өзі дәлелдеп отыр. Қа­лада жыл басынан бері бей­не­ба­қылау камераларының кө­мегімен 1 425 қылмыс ашылып, 780 мың әкімшілік құқықбұзушы­лық анық­талған. Мәселен, элект­рон­ды планшеттің арқасында хат­­та­малар мен құжаттарды тол­тыру уақыты едәуір қысқарған. Егер бұрын бір хаттама толтыруға 30-40 минут кететін болса, қазір бұл уақыт 5-7 минутқа дейін қыс­қар­ған. Бақытжан Сағынтаев поли­ция қызметінің қайта құры­лып, тұр­ғындарға сапалы қызмет көр­сетуге баса назар аудары­ла­ты­нын атап өтті. Осыған дейін пат­руль­дік полиция полкі құрамының үш­­тен бірі жаяу патрульдеуге кө­­шірілген болатын. Көп күт­тір­мей ал­ғашқы нәтижесі мен тиім­ділігін көр­сетті. Мысалы, жыл ба­­­сынан бе­рі қоғамдық орын­дар­дағы қыл­мыс 3,8 есеге азайды. Алдағы жос­пар бойынша полк жеке құра­мы­ның 50 пайызына дейін жаяу пат­рульдеуге ауысады. Демек қылмыс саны бұдан да азаймақ. Қалада құқық бұзушылыққа қар­сы нөлдік төзімділік ахуа­лын қалыптастыру қажет. Бұл да стратегияда көрсетілген. Жалпы қыл­мысты ашумен қатар, оның сал­­дарымен де күресу керек. Қыл­мыс жасайтындардың басым көп­­ші­лігі жұмыссыз азаматтар, қиын жағ­дайға тап болғандар және заң­сыз мигранттар. Осы орай­да қыл­мыс­қа бейім адам­дар­мен алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүр­гізу нәтижелі болмақ. Бүгінгі таңда қаланың қауіп­сіз­дігі Алматы әкімдігі мен жер­гілікті полицияның ерекше на­зарында. Қылмыстың алдын алу­ға қатысты жан-жақты атқа­рыл­ған жұ­мыстардың нәтижесін­де қыл­мыс саны айтарлықтай азайып отыр. Ал қылмыс саны азай­ған сайын Алматы ең қауіп­сіз қала­лар­дың қатарына қосы­лады. Алып шаһар үшін қала тұр­ғын­дарының қауіпсіздігімен қа­тар ту­ристердің қауіпсіздігі де аса маңыз­ды. Өйткені қаланың әрбір екін­ші қонағы – турист. Былтыр пан­демия жағдайына қарамастан қа­лаға 163 мың шетелдік қонақ кел­ген. Ал Алматыға арнайы сая­хат­­­тап келген туристің тауға шық­­пай, көкке серуендемей қай­туы өте сирек. Мысалы, пан­де­мия кезінде таулы аймақтарға бару төрт есе өсіп­ті. Алдағы уақытта бұл көр­сет­кіш артпаса, кемімейді. Өйткені әлем­дік пандемия таза ауадағы де­малысқа сұранысты арттырып отыр. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарының уақытын қауіп­­­сіз әрі жайлы уа­қыт өткізуі үшін қажетті жағ­дай­лар жасалуы ке­рек. Әсіресе адам көп жиналатын де­малыс орын­дары мен ұлттық сая­бақтардың инфрақұрылымын рет­ке келтіру кезек күттірмейтін мә­селе. Бұл бағытта 1 мың шақы­рым таудың жаяу соқпақтары циф­рлан­ды­рылып, 500 шақырымы абат­тан­дырылды. Шымбұлақ пен Ме­деуде, Аюсай шатқалы мен «Го­ре­льник» термальді көзінің жа­ны­нан визит-орталықтар ашылып, жұ­­­мыс істей бастады. Медеуде, Рес­­­публика алаңында, Халы­қара­лық әуежайда және Республика са­райының жанында туристік по­­лицияның 4 пункті ашылды. Тауға серуендейтін турис­тер­дің қауіпсіздігін қамтама­сыз ету мақ­сатында ұялы байланыс ай­мақтары кеңейтілмек. Кіші және Үл­кен Алматы шатқалдарында 2 ба­қылау-құтқару пункті, Тұйық су қы­ратында тікұшақ алаңы, таулы ба­ғыттардың шеткі торап­тық учас­ке­лерінде туристер па­на­лайтын 15 ла­шық салынбақ. Сон­дай-ақ, құт­қару топтарына сиг­нал беру үшін да­былды бас­тырмалары бар 10 ра­диорелейлі бағана орнатылады. Алматы жер сілкінісі, сел, көш­­кін, қар көшкіні, су басу, өрт сияқ­ты техногендік және та­биғи си­паттағы төтенше жағ­дайларға бейім. Бүгінде ма­ман­дар­дың ұсы­нысына сәйкес таулы ау­дан­дарда сел қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ету жүйесі жетілдірілуде. Аюсай және Ақсай шатқал­да­рын­да екі сел бөгетінің құ­ры­лысы басталды. Жоба 2023 жыл­ға дейін аяқталуы тиіс. Бөгет­тер­дің құрылысы 40 мыңнан астам ха­лықтың тіршілігі мен инф­ра­құры­лымын қамтамасыз етеді. Сел­ге қарсы қауіпсіздікті қамта­ма­сыз етуде заманауи техника­лық құралдар қолданылады. Мы­салы, Кіші және Үлкен Ал­ма­ты, Қарғалы және Ақсай өзен­де­рінің бассейн­де­рінде сел мони­торингінің авто­мат­танды­рылған жүйесін енгізу бойынша жұмыс­тар жүріп жатыр. Мамандар Алматы секілді алып шаһардағы қауіпсіз­дік­ті қам­тамасыз ету, өртке қарсы то­лық ауқымды және тиімді жұ­мыс жа­сау үшін 18 депо салу қажет еке­нін айтады. Қазіргі таңда үш өрт сөндіру депосының құры­лы­сы жүріп жатыр, Алатау және Нау­рыз­бай аудандарындағы екі депоның құрылысы аяқталып қалды. Таулы аймақта орналасқан Ал­маты – сейсмикалық жа­ғы­нан еліміздегі ең қауіпті қала. Оң­түстік астанада жылына 400-ден астам жер сілкінісі болып тұ­ра­ды. Сейсмология институты ма­ман­дарының айтуынша қала тұр­ғын­дары қашанда зілзалаға дайын болуы керек. Бұл орайда жер сіл­кі­нісін алдын ала хабарлайтын жүйе­­нің маңызы зор. Жүйе жой­қын сейсмикалық толқынның қа­лаға жақындағаны туралы ав­то­мат­ты режимде сигнал бере­ді. Ал ал­матылықтарға жер сіл­кінісі тура­лы сигнал 40 секунд­қа дейінгі ара­лықта түседі. Сондай-ақ төтенше жағдай ке­­зінде халықты оқыту жә­не қауіп­сіз тәртіп мәдениетін, өз­дерін дұрыс ұстау дағдыларын қа­­лып­тастыру мақ­сатында оқу-әдіс­­те­мелік орта­лық салынып жа­тыр. Ма­­мандар бұл елімізде ба­ламасы жоқ иннова­ция­лық жо­ба деп баға­лап отыр.