Перзентханадағы жас ана өлімі: орталық басшысы қызметінен кетті

Перзентханадағы жас ана өлімі: орталық басшысы қызметінен кетті

Перзентханадағы жас ана өлімі: орталық басшысы қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы 30 жастағы әйелдің босанғаннан кейін қайтыс болуына қатысты түсінік берді, – деп жазды Tengrinews.kz.
"Болжам бойынша әйел өліміне пневмоторакс және босанғаннан кейінгі қан кетуден пайда болған гипоксия салдарынан жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі себеп болған", - деді Денсаулық сақтау басқармасы өкілі.
Қазіргі уақытта нақты себебін анықтау үшін патологиялық-анатомиялық зерттеу жалғасып жатыр.
"Бірқатар гистология зерттеуі жүргізіліп, құрмына Оспанов атындағы БҚМУ қызметкерлері кірген комиссия құрылады. Облыстық перинаталдық орталық директоры қызметінен босатылды", - деді ведомство өкілі.
Айта кетейік, 17 мамырда Ақтөбе облыстық перинаталдық орталықта 30 жастағы Аймира Атшыбаева босанып, бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, бес сағат ота жасалған. Олар дәрігерлерді немқұрайды қарады деп айыптап, әйел өлімінің мән-жайы туралы бүкіл шындықты сот арқылы анықтауға ниетті екенін айтты.