1 шілдеден бастап Еуроодақ елдерінде «жасыл паспорт» енгізіледі

1 шілдеден бастап Еуроодақ елдерінде «жасыл паспорт» енгізіледі

1 шілдеден бастап Еуроодақ елдерінде «жасыл паспорт» енгізіледі
ашық дереккөзі
ЕО кеңесі мен Еуропарламент Еуроодақта бірыңғай вакцинация сертификаттарын енгізу туралы келісті: «Жасыл паспорт» деп аталатын құжат цифрлы форматта болады. Онда әр азаматқа қатысты ковидпен байланысты ауруы, ПТР тестілерінің нәтижелері, вакцинация секілді барлық мәлімет көрсетіледі. «Жасыл паспорт» 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді, – деп жазды Еuronews.соm. Екпе алған мұндай сертификаттың иесін медициналық себептерге байланысты ЕО еліне кіргізбеуге негіз жоқ. «Айта кету керек, вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін азамат толық егілді деп саналады. Сертификат қандай доза, қашан егілгені туралы барлық мәліметті көрсетеді. Бұл сертификат елге сізді кіргізуге себеп болуы мүмкін. Бірақ сізге рұқсат берілу үшін сіз толықтай егілуіңіз қажет», – деді Әділет мәселелері жөніндегі еурокомиссар Дидье Рейндерс. ЕО немесе ДДҰ деңгейінде мақұлданған вакциналар қарастырылады. Әзірге бұл тізімге Ресей, Қытай препараты кірмеген. Алайда, Мажарстанда олар белсенді түрде қолданылады. Бірақ ЕО-ның әр еліне өз критерийлеріне сәйкес жалпы еуропалық сертификаты жоқ адамдарға кіруге рұқсат ету құқығы жеке беріледі.