Жатақханадан қашып кеткен студент қыздар табылды
21 мамыр, 2021 /
Асыл ТҰМАР
Жатақханадан қашып кеткен студент қыздар табылды
Ақмола облысында жатақханадан қашып кеткен кәмелет жасына толмаған студент қыздар табылды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 мамыр күні сағат 17:38-де Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті колледж директорының орынбасары жүгінген.
Оның айтуынша, бір күн бұрын колледж жатақханасынан 1-курстың екі студенті 17 және 15 жастағы қыздар жоғалып кеткен. Бұған дейін бұл студенттер жатақханадан өз еркімен шықпаған.
«Жедел-іздестіру шараларына 30-дан астам полиция қызметкері қатысты. Нәтижесінде, жеті сағаттық іздеуден кейін полиция қыздардың қайда екенін анықтады. Олар Көкшетау қаласындағы саяжай кооперативтерінің бірінде достарымен болған. Кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп атап өтті ведомстводан.
Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындарға кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларға қауіпсіздік шаралары туралы үнемі түсіндіріп, оларды ұялы байланыс құралдарымен қамтамасыз ету керегін еске салады