Жатақханадан қашып кеткен студент қыздар табылды

Жатақханадан қашып кеткен студент қыздар табылды

Жатақханадан қашып кеткен студент қыздар табылды
ашық дереккөзі
Ақмола облысында жатақханадан қашып кеткен кәмелет жасына толмаған студент қыздар табылды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 мамыр күні сағат 17:38-де Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті колледж директорының орынбасары жүгінген. Оның айтуынша, бір күн бұрын колледж жатақханасынан 1-курстың екі студенті 17 және 15 жастағы қыздар жоғалып кеткен. Бұған дейін бұл студенттер жатақханадан өз еркімен шықпаған. «Жедел-іздестіру шараларына 30-дан астам полиция қызметкері қатысты. Нәтижесінде, жеті сағаттық іздеуден кейін полиция қыздардың қайда екенін анықтады. Олар Көкшетау қаласындағы саяжай кооперативтерінің бірінде достарымен болған. Кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп атап өтті ведомстводан. Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындарға кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларға қауіпсіздік шаралары туралы үнемі түсіндіріп, оларды ұялы байланыс құралдарымен қамтамасыз ету керегін еске салады