Нұр-Сұлтан қаласында ескерту жарияланды

21 мамыр, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында ескерту жарияланды Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануына байланысты ескерту жарияланды. «2021 жылғы 21 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады», – делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада. Басқа қалаларда метеорологиялық ахуал бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.