Ковидке қарсы 19 610 дана вакцина неге жойылды?

Шығыс Африкадағы Малави елінде «АстраЗенека» ағылшын-швед фармацевтика компаниясы шығарған ковидке қарсы вакцинаның 19 мың 610 дозасы жойылды. Олардың жарамдылық мерзімі өткеніне 18 күн болған екен. Оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Африкалық одақ «аталған вакциналарды шілде айының ортасына дейін қолдануға болады» деп қауіпсіздігіне кепілдік берген көрінеді. Наурызда бұл елге жеткізілген 102 мың доза екпенің 80 пайызы жуығы тұрғындарға салынып үлгірген. Сондай-ақ, Оңтүстік Судан мемлекеті де жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 59 мың доза вакцинаны пайдаланудан шығарып тастаған.

Малави денсаулық сақтау министрі Кумбизе Кандодо Чипонда «Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жарамдылық мерзімі өтіп кетсе де вакцинаны қолдана аласыздар деді. Бірақ біз жарамсыз екпелерді салмауға шешім қабылдадық, себебі бұл біздің үкіметтің саясатына қарсы келеді» деп мәлімдеме жасады бұл жайында.

Back to top button