«Байдың қызын аламын» − Ресейде қазақша көше әні хит болды

Кейінгі кезде әлем қазақ әніне құлақ түре бастады. Димаш Құдайбергеннен соң өзге елдерде қазақ әнін тыңдау сәнге айналып бара жатқан сияқты. Оны қазақстандық әншілердің ютубтегі клиптерінің астына жазылып жатқан комментарилерден көреміз. Бәрі қазақша әнге және оның орындаушыларына ризалық сезімін білдіріп жатады.

Енді ресейліктер тіпті қазақша «Байдың қызын аламын» деген көше әнін де тик-ток желісінде танымал қылып жатыр.

Дігідік-дігідік, дігідік-дігідік,

дігідік-дігідік, шабамын,

Байдың, байдың, байдың, байдың

Байдың қызын аламын.

Байдың байдың байдың қызы тимесе,

Дігідік-дігідік, дігідік-дігідік,

Дігідік-дігідік, шабамын. − деген сөздердің тіркесіне құрыла салған, гитарамен орындайтын көше әні ресейліктерге ұнап қалса керек, бәрі осы әнге тик-токта жарыса бейнеролик түсіріп жатыр. Қызық болғанда, ондай ролик түсірген адамдардың саны 30 мыңнан асыпты. Таң қаларлығы, олардың арасында белгілі музыкант әрі ТМД елдері ішінде ең бай тик-ток қолданушысы Даня Милохин бар екен.

Back to top button