Тоқаев ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарып қалған түрік дәрігеріне алғыс айтты

Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарып қалған түрік депутаты, дәрігер Режеп Шекерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады.

Марапаттау рәсімі Анкара қаласындағы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ғимаратында өтті. Іс-шараға Елші Абзал Сапарбекұлы, депутат Реджеп Шекермен бірге бірқатар депутаттар қатысты.

algys

Өз сөзінде Елші Абзал Сапарбекұлы Абайдың «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» сөздерін еске сала келе Реджеп Шекердің жасаған абыройлы әркетіне рақметін айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан құрмет грамотасымен марапатталған Реджеп Шекер Мемлекет басшысына марапаты үшін алғысын білдіріп, Президенттен алған Құрмет грамотасын қазақ халқынан алған алғыс ретінде қабылдайтынан айтты.

Депутат өз сөзінде мұндай құрметтің алдағы уақытта бауырластыққа негізделген екі жақты қарым-қатынастың одан әрі дамуына сүбелі үлес қосуына түрткі болатындығына сенім білдірді.

abzal saparbekuly

Еске салсақ, 22 наурызда Бішкектен Ыстамбұлға ұшқан ұшақта қазақстандық сәбидің жүрегі тоқтап қалып, түрік дәрігері балаға жасанды тыныс беріп, массаж жасап, аман алып қалған еді. Реджеп Шекер – Караман қаласынан Түркия Ұлттық жиналысының депутаты, Түркия президентінің жеке дәрігері.

Back to top button