Тоқаев ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарып қалған түрік дәрігеріне алғыс айтты
Тоқаев ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарып қалған түрік дәрігеріне алғыс айтты
Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарып қалған түрік депутаты, дәрігер Режеп Шекерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады.
Марапаттау рәсімі Анкара қаласындағы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ғимаратында өтті. Іс-шараға Елші Абзал Сапарбекұлы, депутат Реджеп Шекермен бірге бірқатар депутаттар қатысты.
Еске салсақ, 22 наурызда Бішкектен Ыстамбұлға ұшқан ұшақта қазақстандық сәбидің жүрегі тоқтап қалып, түрік дәрігері балаға жасанды тыныс беріп, массаж жасап, аман алып қалған еді. Реджеп Шекер – Караман қаласынан Түркия Ұлттық жиналысының депутаты, Түркия президентінің жеке дәрігері.