Алматы облысында заңсыз арақ өндіріп келген зауыт анықталды

Алматы облысында заңсыз арақ өндіріп келген зауыт анықталды

Алматы облысында заңсыз арақ өндіріп келген зауыт анықталды
ашық дереккөзі
Алматы облысында заңсыз өндірілген 10 300 литр арақ тәркіленді. Ішімдікті Қарасай ауданындағы зауытта өндірген. ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 19 мамырда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесе отырып, алкоголь өнімдерінің (арықтың) заңсыз өндірісі фактісін анықтады. Қарасай ауданында орналасқан зауытта «Наша Водка» белгісі бар арақтың 14 000 бөтелкесін (0,5 литрден) және алкоголь өнімін құюға арналған пластик ыдысында мөлшері 3 300 литр құрамында спирті бар өнімнің заңсыз өндірісі анықталған.