Шетелде вакцина алған адамға Қазақстанда вакциналау паспорты берілмейді

Шетелде вакцина алған адамға Қазақстанда вакциналау паспорты берілмейді

Шетелде вакцина алған адамға Қазақстанда вакциналау паспорты берілмейді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова егер адам еліміздің аумағынан тыс жерде екпе алса, оған вакциналау паспорты берілмейтінін айтты. Сондай-ақ, ол вакциналау паспорты медициналық ұйымдардағы ақпараттық жүйелермен біріктірілген eGov мобильді қосымшасында жасалатынын еске салды. «Науқас вакцина аулға келген сәттен бастап екінші компонетті салғызған кезге дейінгі әрекеттің бәрі ақпараттық жүйеге енгізіліп, автоматты түрде eGov-та вакциналау паспорты қалыптасады. Онда вакцинаны алған медициналық ұйым, дәрігердің деректері, серияға дейін және қандай вакцина алынғаны нақты жазылған. Сондықтан шетелде вакцина алғандардың Қазақстанда төлқұжат алуы мүмкін емес», – деп түсіндірді Әлия Рүстемова.