Орал тұрғыны полицейден қорқып, есірткі салынған пакетті жұтып қоймақ болған

Орал тұрғыны полицейден қорқып, есірткі салынған пакетті жұтып қоймақ болған

Орал тұрғыны полицейден қорқып, есірткі салынған пакетті жұтып қоймақ болған
ашық дереккөзі
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жедел іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері «Skoda Octavia» көлігін тоқтатқан. Ішінде екі ер адам отырған. Полицейлер көліктен шығуды сұраған уақытта олардың бірі шағын пакеттің ішіндегі ақ ұнтақты аузына төгіп жіберуге тырысқан. Бірақ бұған полицейлер мүмкіндік берген жоқ. Ақ кристалды заттар салынған пакеттерден бөлек, екі жас жігіттен тіркелмеген травматикалық қару табылды. Оларды тасымалдап бара жатқан ер адам такси жүргізушісі болып шықты.  width= «Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 296-бабына (құрамында есірткі бар препараттарды заңсыз қолдану) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше сараптама тағайындалды. Такси жүргізушісі автокөлігіне отырғандардың не тасымалдап жүргенін білмеген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.  width=