Жаңалықтар

Маусым айынан бастап бірнеше пойыз қайтадан жолаушы тасымалдай бастайды

ашық дереккөзі

Маусым айынан бастап бірнеше пойыз қайтадан жолаушы тасымалдай бастайды

Маусым айынан бастап төрт пойыз қайта қатынай бастайды деп хабарлайды NUR.KZ "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 2021 жылдың 1 маусымынан бастап: 1) «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атырау» бағытындағы №19/20 пойыз күн сайын Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан тақ сандар бойынша, Атырау станциясынан жұп сандар бойынша жөнелтіледі; 2) «Алматы-2 - Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы № 701/702 пойызы күн сайын қатынайды. 2021 жылдың 2 маусымынан бастап Нұр-Сұлтан Нұрлы жол стансасынан «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Орал» бағытындағы №95/96 пойызы Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан жұп сандар бойынша, ал Орал стансасынан тақ сандар бойынша жөнелтілетін болады. 2021 жылдың 3 маусымынан бастап «Алматы-2- Түркістан» бағытындағы № 71/72 пойыз Алматы-2 стансасынан тақ сандар бойынша, ал Түркістан стансасынан жұп сандар бойынша қатынайтын болады. Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларын жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде BILET.RAILWAYS.KZ ресми сайты арқылы рәсімдеуге шақырады және жолаушылардан коронавирустық инфекцияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, сонымен қатар, жол жүру барысында өзімен бірге жеке бас қорғаныш құралдарының (бетперделер, қолғаптар, антисептиктер) ұстап жүрулерін сұрайды. Жолаушылар сервистік қызметтердің сапасы бойынша өз ұсыныстары мен шағымдарын бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін «1433» байланыс орталығына жіберу керек. Өтінішті жіберген кезде сапар күнін, пойыздың, вагонның және орынның нөмірін, сондай-ақ кері байланыс үшін байланыс құралын көрсетуі қажет. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі туралы барлық ақпаратты «105» анықтама қызметінен сұрастыруға болады.