Мәдениет және спорт вице-министрі Токио олимпиадасына қанша қаражат бөлінгенін айтты

Токиода өтетін олимпиадаға жалпы қанша қаражат жұмсалады? Бұл сұраққа Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов жауап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Барлық қаражат Ұлттық Олимпиада комитеті арқылы жұмсалады. Бізде тек олимпиадалық емес спорт түрлері қалды. Токио Олимпиадасына Министрлік арқылы Ұлттық Олимпиада комитеті шамамен 15 млрд теңге бөлді», – деп түсіндірді Ерлан Қожағапанов.

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына келетін болсақ, оған 6 миллиардқа жуық қаражат жіберілді, бұған дейін Қазақстанда спорт секцияларын жан басына қаржыландыру бойынша 8 нормативтік-құқықтық акт қабылданғандығы туралы хабарланған болатын.

 

Back to top button