Елбасы Аманжол Қошановтың отбасына көңіл айтты

Елбасы Аманжол Қошановтың отбасына көңіл айтты

Елбасы Аманжол Қошановтың отбасына көңіл айтты
ашық дереккөзі
Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі Аманжол Қошановтың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.  «Аманжол Қошанұлы саналы ғұмырын ғылым жолына арнап, отандық экономика теориясы саласын дамытуға қомақты үлес қосқан тұғырлы тұлға болатын. Ол еліміздің экономикалық мүдделері жүйесін жасау, ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты көптеген маңызды мәселелер бойынша іргелі зерттеулер жүргізіп, мемлекеттік ғылыми бағдарламалар жасауға атсалысты. Экономикалық теория бойынша өзіндік мектебін қалыптастырды», – делінген жеделхатта. Елбасы Аманжол Қошановтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.