Полиция мәртебесін көтеретін заң ұсынылды

ІІМ басшысы мәжілісте учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыратын заң жобасын ұсынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар Ішкі істер министрі ұсынған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын мақұлдады.

Атап айтқанда, “ҚР Ішкі істер органдары туралы” заңға учаскелік полиция инспекторларына құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептерді жою туралы ұсыныс енгізуге өкілеттік беретін, сондай-ақ учаскелік көмекшінің мәртебесін бекітетін түзетулер ұсынылды.

 

Back to top button