20 мамырда қандай елеулі оқиғалар болды?

20 мамырда қандай елеулі оқиғалар болды?

20 мамырда қандай елеулі оқиғалар болды?
ашық дереккөзі
1998 жылы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Заң Қазақстан Республикасы астанасының құқықтық мәртебесін, жұмыс істеуінің ұйымдық-саяси және экономикалық негіздерін айқындайды. 2001 жылы Астанада алғаш рет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған шахматтан халықаралық супертурнир өтті. Турнирге шахмат спортының жұлдыздары - әлем чемпионы Владимир Крамник пен ФИДЕ рейтингінде көш бастап тұрған экс-чемпион Гарри Каспаров қатысты. 2006 жылы Сочиде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ТМД Мемлекет басшылары кеесінің төрағасы болып саланды. ТМД-дағы төрағалықты Қазақстан Президентіне тапсыру туралы шешімге Достастықтың 10 мемлекетінің басшысы қол қойған. 2010 жылы қазақстандық альпинистер әлемде бірінші болып «Ғаламшардың ең биік 14 шыңы» бағдарламасын орындады. Альпинистеріміз әлемнің соңғы сегізмыңдығы – Лхоцзе (8516 м) шыңын бағындырды. 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында өткен ғасырдың 30-жылдарында ашаршылық құрбандары мен зұлмат кезеңді көзі көріп, аман қалғандарға ескерткіш орнатылды. 2013 жылы Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы мен Боливия мемлекетінің тұрақты өкілдері бірлескен коммюникеге қол қойып, екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Боливия - Оңтүстік Американың орталық бөлігіндегі көпұлтты мемлекет. Боливия аумағы – 1 098 580 км2. Ресми астанасы және сот билігінің орталығы - Сукре, үкімет резиденциясы - Ла-Пас. Ресми тілдері – испан, сондай-ақ кечуа, аймара, гуарани және басқа да байырғы халықтардың тілдері (жалпы 36 тіл). Ақша бірлігі – боливиано. 2014 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылының тұрғыны Жасұлан Омаров Ы.Жақаев атындағы аудандық күріш шаруашылығы тарихи музейіне құнды жәдігер – 1905-1916 жылдардағы рубльдерді тапсырды. Омаров мырза оларды өз ауласынан тапқан. 2014 жылы Иорданияның экс-королі Хусейн бен Талалдың құрметіне Астанадағы көшеге оның есімі берілді. 2014 жылы Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) ҚР Ұлттық банкін 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Күлтегін» көне түркі жазбасына арналған 1000 теңгелік естелік банкноты үшін «Жылдың үздік банкноты» номинациясымен кезекті рет марапаттады. 2016 жылы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген толықметражды «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» атты деректі фильмі Севастопольде 14-19 мамыр аралығында өткен деректі фильмдер мен телебағдарламалардың «Бірге жеңдік» ХІІ халықаралық кинофестивалінде жүлделі болды. Туынды Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералының өмірінен сыр шертеді. 2018 жылы актриса Самал Еслямова ресейлік режиссер Сергей Дворцевтің «Айка» фильміндегі басты әйел рөлі үшін 71-ші Канн кинофестивалінің марапатына ие болды. 2019 жылы Тәжікстанда «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өкілдігінің кеңсесі ашылды. Тәжікстандағы «KazakhExport» өкілдігі кеңсесінің міндеті - бизнес қоғмдастықтармен байланыс орнату, кәсіпкерлер мен қаржылық құрылымдарға «KazakhExport» құралдары туралы ақпарат беру. Бұл Қазақстан мен Тәжікстан кәсіпкерлері арасындағы жұмысты айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді және соған орай тауар айналымы артады.