Жаңалықтар

Депутаттар кей сала жұмысшыларының зейнетке шығу жасын төмендетуді ұсынды

ашық дереккөзі

Депутаттар кей сала жұмысшыларының зейнетке шығу жасын төмендетуді ұсынды

Мәжілісмендер зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін зейнетке шығу жасын төмендетуді ұсынады. Тиісті депутаттық сауалды бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ерлан Смайлов мәлімдеді. Бұл зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшылар – металлургтер, кеншілер, мұнайшылар, кен байытушылар, уран өнеркәсібінің жұмысшылары және өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек ететін адамдарға қатысты болып отыр. Мемлекет олардың зейнетке шығу жасын төмендетіп, лайықты зейнетақымен қамтамасыз етуі керек. 63 жаста зейнетке шығудың бүгінгі белгіленген жасы Қазақстандықтардың қартайғанда лайықты өмір сүру мүдделері мен құқығына мүлдем жауап бермейді, - деп есептейді депутаттар. Ерлан Смайлов санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін жағдайларда 2020 жылы 366 900 адам немесе тексерілген кәсіпорындар қызметкерлерінің жалпы санының әрбір төртіншісі (22 %) жұмыс істегенін мәлімдеді. Әйелдер арасында әрбір сегізінші адам (84,9 мың адам) санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін жағдайларда жұмыс істеді, оның ішінде 19,9 % (16,9 мың адам) әйелдер шаңды және газды ортада жұмыс істейді. Сондай-ақ зиянды өндірістерде еңбек ететін қазақстандықтардың мүдделерін ескеретін және оларға жауап беретін зейнетақымен қамсыздандыру тетігін әзірлеу ұсынылды. Парламент депутаттары зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің зейнеткерлік жасын төмендету мәселесін әзірленіп жатқан әлеуметтік кодекске енгізуді ұсынды.