«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылады

«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылады

«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылады
ашық дереккөзі
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова аталған бағдарламаларды қаржыландыру тоқтатылатынын хабарлады. Мемлекет несиелеу бағдарламаларын қаржыландыруды кезең-кезеңімен аяқтауды жоспарлап отыр. «Әлемдік дағдарыс және оның экономикаға тигізетін әсерін ескеріп, нарық принциптеріне жол бере отырып, мемлекеттің несиелеу бағдарламаларынан біртіндеп шығуын қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты, Үкімет, Ұлттық банк және Агенттік арасында жылдың басында 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге қол қойылған болатын. Келісім аясында 2023 жылдан бастап Ұлттық банк мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырмайды», – деп хабарлады Мәдина Әбілқасымова Оның айтуынша, 2021 жылы «Баспана Хит», 2022 жылы «7-20-25» бағдарламаларын қаржыландыру аяқталады.