35 жастағы ақтаулық келіншек оныншы сәбиін күтіп жүр

35 жастағы ақтаулық келіншек оныншы сәбиін күтіп жүр

35 жастағы ақтаулық келіншек оныншы сәбиін күтіп жүр
ашық дереккөзі
35 жастағы ақтаулық келіншек оныншы сәбиін күтіп жүр деп хабарлайды nur.kz сайты. Ақтау қаласының 35 жастағы тұрғыны Гаухар Ешмұханова – тоғыз баланың анасы. Ерлі-зайыпты Гаухар мен Сәкеннің 2001 жылы үйленген. Бүгінде балаларының үлкені – 19 жаста, ал ең кішісі – 9 айлық. Төрт ұл, бес қыз тәрбиелеп отырған отбасында қатар өсіп келе жатқан егіз ұл мен қыз бар. Гаухар Ешмұханова бала тәрбиесімен қатар әртүрлі саланы меңгерген. Бос уақытында мерекелік жиындарда ән салады. «Бала тәрбиесінде енем мен үлкен қыздарымның көмегі зор. Осы жақындарымның арқасында өзіме де уақыт тауып жүрмін. Бала баланы бағады дегендей, шүкір көз алдымда өсіп келе жатыр. Қазір қыздарыма үй шаруасын сеніп тапсыра аламын», – дейді Гауһар Ешмұханова. Елімізде тағы да осындай көпбалалы  отбасы Түркістан облысында тұрады. Кентау қаласының тұрғыны Түймекүл Ергешқызы 18 баланы бауырына басып тәрбиелеп отыр.