Ақбөкеннің төлімен суретке түскен актриса көпшіліктің ашуын туғызды

Ақбөкеннің төлімен суретке түскен актриса көпшіліктің ашуын туғызды

Ақбөкеннің төлімен суретке түскен актриса көпшіліктің ашуын туғызды
ашық дереккөзі
Томирис патшайымның рөлін сомдаған актриса Альмира Тұрсынның ақбөкеннің төлімен түскен суреті көпшіліктің ашуын туғызды. Қазақстандықтардың қызу талқылауына түскен актриса жақында табиғат аясында ақбөкеннің төлімен фотосессия жасаған болатын. Экологтар ақбөкеннің төлін бір минуттан аса ұстауға болмайтынын, егер ұзақ уақыт қолда ұстаса өлтіріп қоюға болады айтады. Ал әлеуметтік желі қолданушылары фотосессия одан ұзағырақ уақытқа созылғанына сенімді. Фотограф Оспан Әли ақбөкеннің төлін қорқытып алмау үшін үш минутта суретке түсіргенін айтқан. «Үш минутта актриса әртүрлі образда суретке түсіп үлгерді ме? Шаш жасау, бет әрлеу, үш түрлі көйлек кию үш минутты алды ма?»,  – деп желі қолданушылары пікір қалдырған.  width= Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басқармасының бұрынғы басшысы Айтуар Туғанбеков ақбөкенмен жұмыс істеу ережелері туралы: «Сайғақтардың төлдерін жайдан-жай қолға ала салуға болмайды. Ғалымдар ең бірінші жануардың көзін жабады, екінші адам денесін өлшейді, үшіншісі мәліметтерді жазып отырады. Осының бәрі арнайы қолғаптарда, барынша өте тез және дыбыс шығармай жасалады. Бір минуттан аспау керек. Мұндай сақтық шараларын бұзу күйзеліс мен жарақаттануды алдын алу үшін  және иістер мен басқа да іздер қалдырмау үшін жасалады, осылайша  қамтамасыз етіледі. Өлшеу таңертең ерте жасалуы керек, өйткені аналықтары түскі асқа текшелерді тамақтандыруға келеді, осы кезеңде олар қатты шөлдейді» – деп жазды Туғанбеков Facebook-тегі парақшасында. Аталған жағдайға байланысты Экология министрлігінің баспасөз қызметі фотограф Оспан Әли фототүсірілімге рұқсат беру туралы ресми хат жазғанын хабарлады. Экология министрлігі оған жануарлардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін барлық шараларды сақтаған жағдайда, сондай-ақ, инспекторлардың міндетті сүйемелдеуімен жұмысына рұқсат берген. «Бәрі біздің инспекторлардың бақылауында болды. Бұл ретте бірде-бір ақбөкен зардап шеккен жоқ, – деді Экология министрлігінің ресми өкілі Самал Ибраева.