Ақбөкеннің төлімен суретке түскен актриса көпшіліктің ашуын туғызды
Ақбөкеннің төлімен суретке түскен актриса көпшіліктің ашуын туғызды
Томирис патшайымның рөлін сомдаған актриса Альмира Тұрсынның ақбөкеннің төлімен түскен суреті көпшіліктің ашуын туғызды.
Қазақстандықтардың қызу талқылауына түскен актриса жақында табиғат аясында ақбөкеннің төлімен фотосессия жасаған болатын. Экологтар ақбөкеннің төлін бір минуттан аса ұстауға болмайтынын, егер ұзақ уақыт қолда ұстаса өлтіріп қоюға болады айтады. Ал әлеуметтік желі қолданушылары фотосессия одан ұзағырақ уақытқа созылғанына сенімді.
Фотограф Оспан Әли ақбөкеннің төлін қорқытып алмау үшін үш минутта суретке түсіргенін айтқан.
«Үш минутта актриса әртүрлі образда суретке түсіп үлгерді ме? Шаш жасау, бет әрлеу, үш түрлі көйлек кию үш минутты алды ма?», – деп желі қолданушылары пікір қалдырған.