Қазақстанда үсік жүреді

Қазақстанда үсік жүреді

Қазақстанда үсік жүреді
ашық дереккөзі
Еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлерінің кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. 20 мамырда батыс және оңтүстік өңірлерді қоспағанда, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы қысқа мерзімге төмендейді деп болжайды «Қазгидромет». «Түнде солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Бірақ 21 мамырда күндіз Иран аумағынан жылы ауа массалары шығатындықтан температура көтеріледі деп болжануда: солтүстік, солтүстік-батыс, орталық өңірлерде 25-33 градусқа дейін, оңтүстікте 35 градусқа дейін ысиды», – дейді синоптиктер. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауылды жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Ал 20-21 мамырда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең республиканың кей облыстарында тұман түседі.