Діни басқарма өкілі имамдардың руын анықтау туралы ақпаратты түсіндірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы имамдардың жүзі мен руын анықтауға қатысты ақпаратты шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, анықталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты жұмыстарының бірі – халықты бірлік пен игілікке ұйыту. Ал ақпарат құралдарында имамдардың жүзі мен руын анықтауға қатысты бейресми мәлімет шындыққа жанаспайтынын жеткіземін.

БАҚ өкілдерін Діни басқармаға қатысты анықталмаған ақпаратты таратпауға және ел арасында түсінбеушілік пікір тудырмауға шақырамын» деп жазды Ағабек Қонарбайұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Back to top button