Елордада еліміздегі тұңғыш экологиялық театр ашылды

Елордада еліміздегі тұңғыш экологиялық театр ашылды

Елордада еліміздегі тұңғыш экологиялық театр ашылды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда еліміздегі тұңғыш экологиялық театр ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «EcoQolday» театрының ашылуына Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының өкілдері, ӨКМ операторы, мен елорда мектептерінің оқушылары, экобелсенділер мен ата-аналар қатысты. Мамыр айында театр көрермендерге экологиялық ертегіге негізделген екі спектакль ұсынуды жоспарлап отыр. Спектакльді көруге немесе актерлік шеберлік курстарына қатысуға билет сатып алудың жолы оңай. Ол үшін макулатура, пластик және шыны қалдықтарын сұрыптап, қайта өңдеу орындарына тапсыру керек. Сондай-ақ, инклюзивті білім беруді дамыту аясында театр жанынан «Эко-шеберхана» әлеуметтік жобасы іске қосылып отыр. Бұл жоба аясында жас ұрпақтың бойына тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап төгу мәдениетін сіңіру көзделген. «EcoQolday» жобасы ӨКМ операторының бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Жас Ұлан» РҚБ, «Адал Ниет» қоры мен «Clean City NC» компаниясының қолдауымен іске асырылып отыр.