19 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар тізбегі

1995 жылы 19 мамырда Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев банкнот фабрикасының ашылуына қатысты.

Банкнота фабрикасы жалған ақша белгілерінен қорғайтын, көркем және полиграфиялық өнімді жоғары деңгейде орындайтын бірегей жабдықтардан құрылған. Оның меншiктi базасынан номиналы 100, 200, 500, 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттар шығарылған. Қазiр фабрикада банкноталардан басқа төлқұжат, куәлiк, диплом, аттестат, куәлiк қағаз, акциз маркалары сияқты құжаттардың жүзден астам түрлерi шығарылады.

2005 жылы Астанада Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшілігі ашылды. Елшіліктің ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко қатысты. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 16 қыркүйегінде орнаған.

2011 жылы Әлия Молдағұлованың мемориалдық музейі жаңа экспонаттармен толықты. Музейге тапсырылған бағалы экспонаттардың ішінде артиллериялық миналардың неміс жәшігі, гаубица зеңбірегінің бөлшегі, саперлық күрек, каскалар, Дегтярев пулеметінің дискі болды.

2014 жылы Ресейдің солтүстік астанасындағы Астананың мәдени күндерінің аясында Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Санкт-Петербор мэрі Георгий Полтавченко «Астана» орталығының негізіне капсула салды.

2015 жылы Қырғызстан астанасында «Ақ Ілбірс – 2015» ұлттық киносыйлығы ұйымдастырған шарада режиссер Әділхан Ержанов түсірген қазақстандық «Қожайындар» фильмі «Орталық Азиядағы үздік фильм» номинациясын жеңіп алды.

2016 жылы Шығыс Қазақстанға осы уақытқа дейін жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған бірегей жәдігерлер жеткізілді. Олардың арасында Шілікті, Берел, Қырықкүңгір, Ақсуаттан табылған сүйектер мен тастар, керамика, қоладан жасалған заттар бар.

2016 жылы Иорданияның KASOTC оқу-жаттығу орталығында арнайы мақсаттағы топтар арасындағы 8-ші жыл сайынғы «Warrior-2016» сайысы өтті. Жарысқа қазақстандық әскери қызметшілер де қатысты. Бұдан өзге ол жерге Қытайдан «Шабуылдаушы ақ тұйғын», Колумбияның «Коммандос», Ливандық «Қара пантера», АҚШ «Теңіз мысықтары» және басқа да арнайы бөлімшелер келді.

2017 жылы Қытайда танымал «Easy» журналы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге бірнеше бет арнады. Кезекті нөмірде әншінің суреттері мен сұхбаты жарияланды.

2017 жылы Қазақстан киноиндустриясы тарихында алғаш рет 70-ші Канн фестивалінде (Франция) Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Қазақстанның алғашқы павильоны Фестивальдар сарайының алдында, Le Village International кинобазарының аумағында орналасты. Павильонның жұмысы бірлесіп кино шығару, ұлттық фильмдерді қаржыландыру үшін әлеуетті серіктестерді тартуға, Қазақстанның киноиндустриясын жаңғырту және туризмді дамытуға жағдай жасады.

2017 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығына орай «Ел-Шежіре» қоғамдық қоры шығарған ғалым-жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Алаш қозғалысы» атты 3 томдық құжаттар жинағы мен Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомының таныстырылымы өтті.

2019 жылы жеңіл атлетикадан Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турниріне Мария Овчинникова сәтті өнер көрсетіп, үш қарғып секіруден жеңімпаз атанды. Спортшы 13.19 метрге секіріп, үздік нәтиже көрсетті. Ол 2019 жылғы Азия чемпионы, тайландтық Паринью Чуаймароенгті артта қалдырды.

2020 жылы Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры «Қазақстан мұғалімі-2020» ұлттық сыйлығын құрды. Финалға шыққан он үздік қатысушының сауалнамасы Нобель сыйлығының педагогтарға арналған «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу кезеңіне жіберіледі. Сауалнамаларда бағаланатын негізгі критерийлердің бірі – бұл педагогтың қоғамдық маңызы бар әлеуметтік істерге қатысуы. Қоғамдық жобалау оқушылардың тұлғалық қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Педагогтың әлеуметтік жобаларда еңбектенуі балаларды біріктіруге, олардың қарым-қатынасын шығармашылыққа толтыруға, балаларды пайдалы істерге тартуға және олардың сана-сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Back to top button