Қапшағайда мемлекеттік қызметкер 43 млн теңгені қолды қылған

Қапшағайда мемлекеттік қызметкер 43 млн теңгені қолды қылған

Қапшағайда мемлекеттік қызметкер 43 млн теңгені қолды қылған
ашық дереккөзі
Қапшағайда есеп айырысу орталығының басшысы 43 миллион теңгені қолды қылды деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды taldykorganec.insta парақшасы. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық зерттеулер департаментінің хабарлауынша, мемлекеттік қызметкер тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің ақысын (жылумен қамту, сумен қамту, ғимараттың жай-күйіне жұмсалатын шығындар) төлеуге арналған қаражатты ұрлады деп айыпталып отыр. Ұрланған ақша сомасы 43 миллион теңге екені белгілі болды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.